ШҚО-да қар көшкіні пойыз қозғалысын 40 минутқа тежеді

ӨСКЕМЕН. 31 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақсан облысында өткен сенбі күні Ұлан ауданындағы Огневка-Ермаковка өткелінің 59 шақырымында өздігінен қар көшкіні болып, теміржолды басып қалды. ТЖ қызметі хабарлағандай, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жол жұмысшылары бір сағаттың ішінде жолды аршығанымен, «Зырьян-Защита» жолаушылар пойызының қозғалысын амалсыз тоқтатуына тура келді. Жұмыстар кезінде пойыз «Огневка» стансысында 40 минут тұрып қалды. Темір жолды тазартқаннан кейін жолаушылар пойызы қозғалысын жандандырды.

ТЖ қызметтері хабарлап отырғандай, қар көшкіні ауа райының күрт өзгеруінен болған сыңайлы. Ұзақ мерзімді қырық градустық аяздардан кейін, ауа температурасы 10-15 градус аязға дейін көтерілді.