ШҚО-да қайықпен ғана қатынайтын ауыл бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда орналасқан Марқакөлдің жағасындағы Вверх Еловка ауылына жергілікті жұрт атпен немесе қайықпен ғана қатынайды, деп жазады altaynews.kz.

«Біз жағалауында қаңырап қалған Қарағайлы бұлақ ауылына тікұшақпен қондық. Бөренеден қиып салынған үйлердің бәрі бос. Маңайын адам бойы шөп басып кеткен. Алдымыздан еркелеп көк ит шықты. Қожайыны ат арбамен келе жатқан Захар есімді жігіт екен. Осы ауылдың тумасы. Кәсіптері - мал. Жайылымдық та, шабындық та жер жеткілікті», - деп жазады портал.

Интернет басылымның жазуына қарағанда, Вверх Еловка аулына адам сирек келеді. Анда-санда ғана джип мінген туристер өтеді екен. Оның өзінде джиптің джибі ғана жүреді. Өйткені ауылға жететін жол өте ұзақ. Жергілікті тұрғындар атпен немесе қайықпен қатынайды. Онда 160 отбасы тіршілік етіп жатыр.