ШҚО-да кенді рентгендік-радиометрлік әдіспен талдайтын бірегей құрылғы жасалды

ӨСКЕМЕН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Вита Викторова/ - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті базасында жұмыс жасайтын «Алтай» өндірістік-технологиялық паркінің ғылыми-енгізу зертханасында кенді рентгендік-радиометрлік әдіспен талдайтын жаңа аппарат құрылды.

Жаңа құрылғы кен тиеліп жатқан сәттің өзінде, оның құрамындағы металдың мөлшерін дәл көрсетіп бере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зертхана меңгерушісі, физика-матерматика ғылымдарының докторы Валерий Петровтың айтуына қарағанда, кенді отандық жолмен шығарудағы басты жетістік мынада, жаңа бірегей үлгі бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп мөлшердегі кен байлығымен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені, алтынның құрамы кеннің көлемінде біркелкі болмайды. Әзірге бұл осындағы зертханада жасалған алғашқы талдағыш. Қазақстан мен Ресейдің бірқатар тау-кен өндірісі орындарынан жаңа құрылғыға бірқатар сұраныстар бар.