Хабарламада айтылғандай, аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыру өңір үшін үлкен стратегиялық маңызға ие. 200 қосымша жұмыс орны ашылады. Жыл сайын салық төлемдері 300 млн. теңгені құрайды.
Бұл туралы «Семей машина жасау зауыты» АҚ директоры Нұрлан Омаров облыс әкімі Даниал Ахметовтің Семейге жасаған жұмыс сапары аясында айтты.
Жұмыс орындарының көбеюін қамтамасыз ету үшін жаңғырту, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпорын базасында «МАЗ» автотехникасын өндіріп жинауды жүзеге асыру қажет.