«Сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссия» РҚБ ШҚОФ төрайымы Светлана Линоктың сөзіне қарағанда, облыстағы сайлау учаскелерінде 1000 байқаушы жұмыс істемек.
«Қазір өкілдерді іріктеп жатырмыз. Барлық байқаушылар, бұл - жастар, студенттер, білім саласының қызметкерлері, зейнеткерлер және т.б. оқу семинарларына қатысады», - деді С.Линок. Облыстық комиссия миссиясын ШҚО Азаматтық альянсы қолдады. «Азаматтық альянста сайлауды бақылау мен технологияларды пайдалану бойынша мол тәжірибесі бар. Біз де өз байқаушыларымызды бұл іске жұмылдырамыз», - деді ШҚО Азаматтық альянсының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов. Қазір байқаушылар сайлау учаскелеріне барып, сайлаушылар тізімімен және үгіт-насихат науқаны бойынша жұмыстар атқарады. Олардың мақсаты - сайлауға қатысудың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және заңбұзушылықтардың алдын алу.