ШҚО-да су тасқынына байланысты ескерту жарияланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ауа температурасының жоғарылауы, қардың жаппай еруі мен жауын-шашынның күтілуіне байланысты өзен деңгейі күрт көтеріліп, су тасқыны болуы ықтимал, деп хабарлайды ШҚО ТЖ департаменті.