деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.
Бұған дейін хабарланғандай, наурыздың 18-і күні ауа температурасының бірден жоғарылауы себепті ШҚО-дағы бірқатар ауыл еріген қар суының астында қалған болатын.
Наурыздың 30-ындағы жағдай бойынша, Абай ауданында температураның -9-ға дейін төмендеуіне байланысты дамбының бұзылуы мен ағынды судың қаупі жоқ.
Ұлан ауданында - барлық өзендерде су деңгейі түсті. Ауа температурасының -12 градус болуына орай, аумақта жағдай тұрақтанды. Зайсан ауданында да Цельсий бағамы -12-ні көрсетуде.
Ал Тарбағатай ауданына қарасты 9 ауылда су басу қаупі әлі сейілген жоқ. Елді мекендердің төмен орналасқан жерлерінен жиналған судың арналарын бұру жұмыстары жалғастырылуда. Ауа райының -5 градусқа төмендеуі жағдайды уақытша тұрақтандырды.
Күршім ауданындағы барлық өзендерде су деңгейі төмендеді. Бұған дейін қауіпсіз жерге көшірілген халықтың бір бөлігі үйлеріне қайта оралды.
Сондай-ақ Риддер қаласында, Қатонқарағай мен Аягөз аудандарында да жағдай бір қалыпты.
Барлығы ШҚО-да қауіпсіз жерге 8763 адам көшірілді. Оның 3855-і бүгінгі күні үйлеріне оралды.
Барлығы табиғи апат салдарынан 1170 үй, 807 шаруашылық нысан мен 50 қыстақ су астында қалып, 428 үй, 479 шаруашылық нысан мен 24 қыстақ қирады.
Алдын ала мәліметтер бойынша ауа райының бұзылуына байланысты аймақта 9084 ірі қара, 61 398 ұсақ мал, 3151 бас жылқы пен 5 түйе қырылды.
Қазіргі уақытта апатты жағдай орнында ТЖМ-ның жеке құрамдағы 920 адамы, 190 техникасы, 51 жүзу құрылғысы, 2 тікұшақ пен 1 ұшақ жұмыс істеуде.
Облыстың басқа аудандарында тасқынды сулардың алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.