Кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Тәукебаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлар бойынша облыстық штабтың шұғыл отырысы өтті - облыстағы жағдай күрт төмендеп кеткен.
Қардың қалың түсуі және боранның ұйытқып соғуы, таулы аумақтардағы қар көшкінінің қаупі, барлық бағыттардағы жолдардағы көру қашықтығының барынша төмендеуі - жағдайды қиындатып отыр.
Соңғы бес күнде Өскеменде ылғалды айлық нормасы түсті.
Облыстың барлық қызметтері төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуда.
Қажетті қар жинау техникалары - жеткілікті, жылыту пункттері - сақадай-сай.
Барлық бағыттар бойынша автокөлік қозғалысының жабық екенін естеріңізге саламыз.