«Көлікті озып кетпек болған «Мерседестің» 27 жастағы жүргізушісі УАЗ-бен соқтығысып қалған. Соққы салдарынан жүк-жолаушылар көлігі жолдан шығып, аударылды. Аударылған көліктің 59 жастағы жолаушы әйел алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. УАЗ-дың жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Жол-көлік оқиғасы фактісімен қылмыстық өндіріс басталды.