ШҚО-да заңсыз сақталған қарулар алынып жатыр

ӨСКЕМЕН. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Полицейлер Зырян ауданындағы Северное кентінің тұрғынынан ИЖ-17 моделінің тегіс оқпанды мылтығын алды.

Оқпен атылатын қаруды заңсыз сақтау фактісі «Учаске» операциясын өткізу кезінде анықталды, деп хабарлады ІІД.

 Қарудың 50 жастағы иесінің түсіндіруінше, бұл шолақ мылтықты 2004 жылы қайтыс болған оның әкесі жасаған.

 Осыған ұқсас фактілерді Зайсан және Жарма аудандарының полицейлері де анықтады. Шелекті ауылдық округінің Көкбастау учаскесінің 31 жастағы тұрғынынан 20-шы калибрлі бірауызды аңшылық қаруынан жасалған шолақ мылтық алынды. Ал Жезкенттің 35 жастағы тұрғынынан 20-шы калибрлі ИЖ-20 тегіс оқпанды мылтық табылды.