ШҚО-да жол апаты салдарынан жүргізуші ес-түссіз жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Омбы - Майқапшағай автожолының 462-ші шақырымында «Ванхолл» маркалы автобус жол жиегінде тұрған ВАЗ-21213 көлігіне барып соғылды, деп хабарлады полициядан.

Автобус Семей-Үржар бағыты бойынша келе жатқан. Жол апаты салдарынан «Нив» көлігінің жүргізушісі басынан жарақат алып, ес-түссіз жатқан күйі Шар қаласындағы ауруханаға жеткізілді.