«Фольксваген» жолаушылары - 52 жастағы Өскемен тұрғыны және 78 жастағы Глубокое ауданының тұрғыны апат орнында қаза тапты. Қалған жолаушылар туралы және қарсы жолаққа өтіп кеткен «Фольксваген» жүргізушісінің жағдайы туралы еш мәлімет жоқ.
Тағы бір ажалды жол апаты өткен демалыста Риддер қаласында болды. «102» нөміріне қала шағын аудандарының біріндегі көлік апаты туралы такси диспетчерінен хабарлама түскен. Онда 21 жастағы «Мазда» жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында 40 жастағы ер адамды қаққан, зардап шегуші сол мезетте есін жимай қайтыс болған.