ШҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тасбақаларды қайда және қандай мақстапен алып бара жатқандығы туралы сұраққа бала дұрыс жауап бере алмаған. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралап, шығын мөлшері анықталуда.
«Жәндіктерді зоологиялық дүкенге сатуға шығару мақсатымен тасымалдауы мүмкін. Соңғы жылдары тасбақаларға деген сұраныс айтарлықтай артқан. Осы тәркіленген тасбақа түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмесе де, оны заңсыз жолмен аулау және заңсыз жолмен сату заңға қарсы іс болып табылады. Қазір ең бастысы жасөспірімді заңсыз әрекет етуге тапсырыс берген адамды анықтау маңызды», - деді ШҚО ІІД Табиғатты қорғау және ветеринария бөлімі бастығының орынбасары Сергей Осинцев.