ШҚО-дан бір сенаторлық орынға бес үміткер таласуда

КЕМЕН. 21 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысынан бір сенаторлық орынға бес үміткер таласуда.

20 шілдеге дейін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 4 кандидат тіркеліп, біреуі қол жинаумен айналысып жатыр. Кандидаттарды тіркеу 29 шілдеде аяқталады, ал 30 шілде күні барлық тіркелген кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады.

ШҚО бойынша ОСК өкілі Жанат Әкімованың айтуынша, Шемонаиха аудандық мәслихаты тарапынан іс қазіргі сенатор Талғатбек Абайділдин ұсынылды, қалған төртеуі - өзін өзі ұсыну құқығына ие болған жаңа үміткерлер. Кандидаттар арасында қазақ және орыс ұлтының өкілдері, бір әйел азаматша бар. Олар - Д.Селиханов, Т.Әміржанов, Б.Есдәулетова мен В.Лопаткин. Кандидаттардың жас мөлшері 59 бен 68 аралығында. Барлық үміткерлер де «Нұр Отан» ХДП, «Ақ Жол», «Руханият», «Қазақстан патриоттары партиясы» сынды түрлі саяси партиялардың мүшелері болып табылады.

ШҚО бойынша ОСК өкілі еске сала кеткендей, Сенат депутаттарын барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сенат депуттарын сайлау 19 тамыз күні сайлаушылардың бірлескен отырысы кезінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ залында өтеді.