«Астана-Защита» пойызы Семей стансасында. 90 жолаушы автобуспен тағайындау пунктіне жеткізілді. «Защита» стансасынан одан әрі Астанаға бару үшін Семейге 125 жолаушыны жеткізуге бірнеше автобус келді. Семей стансасынан пойыз кестеге сәйкес сағат 24.00-де шығады. «Қызылорда-Семей» пойызының жолаушылары үш автобуспен Семейдегі Шар стансасына жеткізілді.
Одан әрі Қызылордаға шығу үшін Шар стансасына жолаушылармен 4 автобус жөнелтілді. Шар және Семей стансаларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ы жолаушыларды тамақтандырды. Тағайындау пунктіне жеткен жолаушылар «Темір жол көлігі туралы» заңға, «ҚР темір жол көлігімен жолаушылар, жүк, тасымалдау қағидаларына» сәйкес өтемақы ала алады.