ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына Дидар Кеңесбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дидар Мұхтарбекұлы 1984 жылы Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 2001-2006 жылдары Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да инженер мамандығы бойынша білім алды.
2006 жылдан бастап құрылыс саласында түрлі қызмет атқарды. 2015 жылы мемлекеттік қызметке кірген. ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылысты бақылау басқармасында бас маман, бөлім басшысы болды.
2018-2019 жылдары Өскемен қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары лауазымын атқарған. 2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін аталған бөлімнің басшысы болып еңбек етті.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.