ШҚО прокуратурасы, Ертіс экология департаментінің Шығыс Қазақстан бөлімшесі, «ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» МБ, «Нұр Отан» ХДП облыстық бөлімшесі, «Шығыс Қазақстан гидрометеорологиялық орталығы», ШҚО қоғамдық жұртшылық кеңесі, «Қазмырыш» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «АЕS Өскемен ЖЭО-і» АҚ, «Согрин ЖЭС-і», «Семей қаласының цемент зауыты» ЖШС-нің басшылығы атмосфералық ауаны қорғау саласында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Меморандум экология саласында бақылауды іске асыратын және де облыста экологиялық жағдайды жақсарту бойынша табиғат пайдаланушы өнеркәсіп, мемлекеттік органдар үшін бірқатар нақты шараларды қарастырады.
Аталмыш меморандумға қол қою кезінде Шығыс Қазақстан прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов атап өткендей, бірлескен табиғатты қорғауды іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың кешені бірінші кезекте облыстың атап айтқанда Өскемен мен Семей қаласының ауасына ірі кәсіпорындардың қызметі зиян келтіретін заттарды азайтуға бағытталады.
Меморандумның аясында тараптар атмосфералық ауаны қорғау және оның сапасын арттыру саласында құқықтық және ведомстволық өзара іс-қимылдың қажеттілігі туралы келісімге келді.
Облыс прокуратурасынан хабарланғандай, ҚР Бас прокуратурасы бекіткен «Қоғамның, мемлекет пен жеке тұлғаның мүддесін қорғау үшін - 20 серпінді жоба» бағдарламасын іске асыру аясында өңір прокуратурасы «таза ауа үшін» бағдарламасын жасап, іске асыруда.