ШҚО полициясы жаңа көліктермен жабдықталды - учаскелік инспекторларға 56 көліктің кілттері табыс етілді

ӨСКЕМЕН. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Өскемен маңындағы ІІД оқу полигонында таяуда учаскелік инспекторларға 56 «Нива» көлігінің кілттерін табыстады.

«Аса қажетті» сыйлықты облыстың барлық дерлік аудандарының, соның ішінде Семей және Өскемен қалаларының учаскеліку полицейлері алды. Рәсімге облыс әкімі Бердікбек Сапарбаев пен ҚР ІІМ Ішкі істер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы Мұхаметәли Сатов қатысты.

 Атап өтерлігі, кілттерді тапсыру алдында оқу орталығының аумағында Өскемендегі «Жедел елеу арнайы жасағы» арнайы бөлімшесі жауынгерлері өнерлерін ортаға салды, арнайы техника көрсетілді.