Медальдарды Зайсан, Тарбағатай, Жарма аудандарының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары Мереке Қаскенов (Зайсан ауданы), Бақытбек Нұрғалиев (Тарбағатай ауданы), Төлеген Ахметкәрімов (Жарма ауданы) және Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының жүргізушісі Дархан Байғалиев алды.
Сонымен қатар, адамдарды құтқару операциялары мен төтенше жағдайды жою барысында ерекше көзге түскен басқа да көптеген жауынгерлер құрмет грамоталары, алғыс хаттары, медальдармен марапатталды.