Шорт-тректен әлемдік турдың іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды
12:22, 26 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші іріктеу кезеңі өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл турнирде 11 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.
Медальдар мен маңызды рейтингтік ұпайлар үшін келесі спортшылар сынға түседі: Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажғали, Яна Хан, Ольга Тихонова, Зейнеп Құмарқан, Алина Әжғалиева, Малика Ермек.
Төртінші кезең 27-30 қараша аралығында өтеді.
Айта кетейік, әлемдік турдың алғашқы төрт кезеңі іріктеу ретінде ұйымдастырылады. Сол кезеңдердің нәтижесіне сәйкес 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу квоталары үйлестіріледі.
Айта кетейік, шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді.