Аралдың оңтүстік бөлігін су басып, көшкіндердің жүруіне нөсер жаңбырлар себеп болды.
Кейбір аудандарда 100 миллиметрден астам жауын-шашын түсетіні күтіліп отыр.
Ел астанасы Коломбо қаласында адам көп жүретін бірқатар көшені су басқан.
Шри-Ланкада муссон жаңбырларының маусымы мамырдан қарашаға дейін жалғасады, табиғи апат көптеген адамдардың өмірін қиып, ел экономикасына айтарлықтай шығын келтіреді.
2014 жылдың қазанында Шри-Ланкада болған көшкіндер салдарынан кем дегенде 16 адам мерт болды, 300 адамның жоғалып кеткені туралы хабарланған, деп жазады РИА Новости.