Оның есімі тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Жүргізуші болса, ауыр жағдайына қарамастан полиция қызметкерлерінің күзетінде.
Сондай-ақ баспасөз қызметінен жол-көлік оқиғасына тап болған автобус пен жеңіл көлік жүргізушілерінің көз жұмғандары хабарланды.
Бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың 19 тамызында сағат шамамен 20:50-де Алматы-Екатеринбор тас жолының 1309-шы шақырымында ірі жол-көлік апаты орын алды. Соның салдарынан 14 адам оқиға орнында көз жұмып, 20-дан астамы жарақат алды. тағы екеуі ауруханада қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасының фактісімен қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.