Ақмола облысының Астрахань ауданында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1081 шақырымында кеше сағат 12.36-да «Мерседес» пен «Ниссан» көліктері соқтығысты. Оның соңы өртке ұласты.
Орын алған жол-көлік апатының салдарынан «Мерседес» көлігінің жүргізушісі және 4 жолаушысы (жеке тұлғалары анықталмаған) оқиға орнында көз жұмды. «Ниссан» көлігінің жүргізушісі түрді жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.