Естеріңізге сала кетейік, кеше Талдықорған әскери гарнизонының әскери сот залында тараптардың жарыссөздері басталды.
Мемлекеттік айыптаушы Қайрат Ермаханов өткен жолдағыдай судья Ербол Абдуллиннен Алексей Фоминға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады.
«Сарыбөктер» шекара заставасының бұрынғы бастығының қорғаушылары өздерінің қорғалушысының кінәсіздігі туралы мәлімдеді.