Жер дүмпуінің кіндігі Қырғызстан аумағында Алматы қаласының оңтүстік-шығысынан 130 шақырымда орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық күші - 11.1. Магнитудасы MPV 5.1. Тереңдігі - 15 шақырым. Жер асты дүмпулерінің сезілгендігі туралы мәлімет бойынша Саты, Күрменті елді мекендерінің маңында (МSК-64 шкаласы бойынша) ол 2-3 баллды құрады.