«Тау самалы» демалыс аймағының аумағынан 3 адамның: бір әйел мен екі ер адамның мүрделері табылды.
Жоғарыда аталған ауылдан 25 шақырым жердегі бесінші кордонда өрт болды, ол сөндірілген соң оқиға орнынан тағы екі ер адамның мүрделері анықталды.
Барлық мүрделерді орманшылар тапты. Оқиға орындарында жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның мән-жайы айтылмайды.