деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.
Жұма, 5 қазан күні кешке Алматы облысының Заречный кентінде орналасқан ЛА-155/8 түзеу мекемесінде сотталушылардың жерді қазу арқылы түрмеден қашу әрекеті болдырылмады.
Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің хабарламасына қарағанда, анықталған «жерасты дәліздің» тереңдігі бір метрден асқан, ұзақтығы шамамен 4,5 метрдей. Қазіргі уақытта қашуды жоспарлаған тұлғалар анықталуда.
Естеріңізге сала кетейік, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында ағымдағы жылдың қыркүйегінің ортасында Алматыдағы балалар колониясында және елдің шығысында орналасқан колонияда осыған ұқсас қашу әрекеттерінің алды алынды, деп атап өтті ІІМ ҚАЖК-нің баспасөз қызметінен.