Жексенбі, 18 наурыз күні Жамбыл облысында, кешкі сағат жеті жарым шамасында «Алматы-Ташкент» автожолының 185-інші шақырымында («Қордай» асуы) «Ауди» және «Тойота» көліктері соқтығысты.
Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында «Аудидің» 24 жастағы жүргізушісі мен 1992, 1986, 2005, 2007, 2009 жылы туған - 5 жолаушысы мерт болды.
Түрлі жарақаттармен «Аудидің» 1982 жылы туған, «Тойотаның» 1996, 1957 және 1953 жылы туған жолаушылары ауруханаға жеткізілді.