ШҰҒЫЛ: Алматыда ауыр машина жасау зауыты өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауыр машина жасау зауыты өртеніп жатыр, деп хабарлайды, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт жайында алғашқы мәлімет 18:36-да келіп түскен. Ал 18 сағат 59 минутта өрт ауыздықталды. Алдын ала деректер бойынша орын алған өрттің аумағы 150 шаршы метр. Тілсіз жаумен күрес әлі жалғасып жатыр. Ал оның шығу себебі анықталып жатыр.

Алматы ауыр машина жасау зауыты Төле би көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысында орналасқан.