Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Оқиға орнына жеткен Медеу аудандық ІІБ-нің тәртіп сақшылары 1995 жылғы Алматы қаласының тұрғыны, ер баланың және 1998 жылғы Алматы облысының тұрғыны, қыз баланың мәйіттерін тапты.
Бұл оқиға бойынша хабар 28 мамыр күні кешқұрым сағат 21.30-да Жедел басқару орталығының «102» нөміріне түсті. Ажал құшқан баланың анасы ұлының ізім-ғайым жоғалып кеткені туралы Жетісу аудандық ІІБ-ге арызданғаны анықталды.
Сот-медициналық сараптаманы өткізу үшін денелер мәйітханаға жөнелтілді. Бүгінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.