ШҰҒЫЛ: «Арқанкерген» шекара бекетінде қаза тапқан 14 шекарашы мен қорықшының мүрделері генетикалық сараптама өткізу үшін Астанаға жеткізілді

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - «Арқанкерген» шекара бекетіндегі оқиға орнында қазіргі кезде тағы екі адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚР ҰКК Шекаралық қызметінің баспасөз қызметінен.

Қаза тапқандар саны - 14 әскери және 1 аңшылық шаруашылығының қорықшы.

Жедел-іздестіру және іздеу шаралары шекаралық қызмет, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының күшімен жалғастырылуда.

Қаза тапқандардың мүрделері генетикалық сараптамадан өткізу үшін Астана қаласына жеткізілді.

Тергеу тобы болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқаларын қарастыруда.

Шекара қызметі шекаралық бекетте қызмет атқарған барлық жауынгерлердің туыстары мен жақындарына барынша көмек, писихологиялық қолдау көрсетуде. Оларға генетикалық сараптаманы өткізу үшін Астанаға келу мүмкіндігі беріледі.