Төтенше оқиға Шортанды ауданында орналасқан әуе орталығында орын алды. Жапа шеккендердің бірі нұсқаушы-ұшқыш болып қызмет істейтін 1966 жылы туған Ильинка ауылының тұрғыны. Екіншісі 17 жасар оныншы сынып оқушысы. Екеуінің де денелерін от қатты шарпыған. Баланың аяғы сынған.
ІІД баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, ұшақ қону кезінде өртке оранған.