Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Есіл» ауданы ІІБ тергеу бөлімінің қызметкерлері, астаналық ішкі істер департаменті «Есіл» ауданы арнайы бағыттағы құрылымның сарбаздары Қарағанды ІІД Осакаров АІІБ-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасының барысында Қарағанды облысының аумағында 4 адамнан тұратын қарақшылық шабуылға күдіктілер ұсталды.
Тінту кезінде олардың бірінен алтын зергерлік бұйымдар, ал екіншісінен есірткі заты табылды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар Қарағанды облысы Осакаров АІІБ-не жөнелтілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.