Қаржы полициясының хабарлауынша, ҚР ҚК-нің сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін алу немесе жұмсау үшін жаза қарастырылған 176 бабының 3 бөліміндегі «б» және «г» тармақшалары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Атырау Агросервис» ЖШС-нің басшылары мемлекеттік функцияларды атқаратын тұлғалар бола отырып, өздерінің қызметтік жағдайын пайдалану жолымен сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін ұрлау мақсатымен 2012 жылғы 10 шілдеде «NORIN» ЖШС-мен «Атырау Агросервис» ЖШС-нің ғимаратында құрылыс-жөндеу жұмыстарын орындау жөнінде жалған келісім-шарт жасаған. Жұмыстардың орындалмағанын біле тұра, «NORIN» ЖШС-нің есебіне негізсіз түрде 3 млн. 102 мың 840 теңге аударылды.