Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Г.Мұхтарованың сөзіне қарағанда, шетел азаматы түнде қала орталығындағы жолдардың бірінің жиегінен ес-түссіз күйде табылды. Ол бас сүйек-ми жарақаты диагнозымен шұғыл түрде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Құжаттар бойынша оның аты-жөні мен азаматтығын анықтау мүмкін болды.
«Қазіргі уақытта оқиғаның екі нұсқасы қарастырылуда - жол-көлік оқиғасы немесе шабуыл», - деді Г.Мұхтарова.