бюджеттік қаражатты жымқырды деп күдік келтіріп отырған «СнабОйлҚұрылыс» ЖШС-нің директоры А. Байсековаға қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық іс сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырап еткені үшін жазаға тартуды көздейтін ҚР ҚК-нің 176-бабы бойынша қозғалды. «СнабОйлҚұрылыс» ЖШС-нің директоры 1200 орынға арналған Атырау киноконцерт залының құрылысына бюджеттен бөлінген 1,1 млрд. теңгені жамбасына басты деп айыпталуда.
Бұл аталмыш ЖШС-нің директорына қатысты қозғалған екінші қылмыстық іс. Біріншісі балалар лагерінің құрылысына бөлінген бюджеттің 91,5 млн. теңге қаражатын ұрлауға қатысты болды.
Естеріңізге сала кетейік, «СнабОйлҚұрылыс» ЖШС-нің иесі - Айбат Сүлейменов, ол өткен жылдың күзіне дейін Атырау облыстық мәслихатының депутаты болды. Депутаттық мандаттан айырылған Айбат Сүлейменов белгісіз бағытта ізін суытты, соған байланысты қаржы полициясы оны ресми түрде іздеуге жариялады.