«Атырау қалалық соты» лаңкестік топқа қатысы бар және оны құрмақшы болған 4 күдіктіні қамауға алуға санкция шығарды.
Олардың екеуі - Атырау қаласының тұрғыны, біреуі - Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының және соңғысы Маңғыстау облысының тұрғындары. Сот оларды қамауға алу жөнінде санкцияны 2 айға берді. Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 233-бабының 2 бөлімі «б» тармағы және 24 бабының 1 бөлімі бойынша айып тағылуда, - деді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Атырауда жас жігіт қолдан жасалған жарылғыштан қаза тапты. Ол небәрі 21-де болатын. Көршілердің сөзіне қарағанда, оның артында әйелі мен баласы қалды.