Еске сала кетейік, өткен жылдың күзінде Атырауда кәсіпкер өлтірілді. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20-дан 38 жасқа дейінгі қаланың 7 тұрғыны ұсталды . Тергеу олардың кәсіпкерді одан көп ақша алу үшін ұрлағанын анықтады. Оларға бұл ақша Интернет арқылы байланысып, лаңкестік топ қызметіне қатысу үшін Ресей мен Түркия арқылы Сирияға өтуі үшін қажет болды.
Судья Гүлнәр Хаженованың төрағалығымен өткен сот үдерісінің барысында қылмыстық істің барлық материалдары зерделенді, куәгерлерден жауап алынды, айыптаушылар мен қорғаушылардың уәждері тыңдалды, сарапшылардың қорытындылары қаралды. Сот шешімімен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ҚР Қылмыстық кодексінің 233-2 бабымен (2 бөлім) «Лаңкестік топ ққұру, басшылық жасау және оның қызметіне қатысу»; 252 бабымен (3 бөлім) - «Заңсыз қару жасау»; 251 бабымен (3 бөлім) - «Қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»; 179 бабымен (4 бөлім, «а» тармағы) - «Қарақшылық», 185-бабымен (4 бөлім) - «Автомобильді немесе басқа көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену»; 96 бабымен (2 бөлім, «ж», «з», «к» тармақтары) - «Кісі өлтіру» бойынша қылмыс жасауға айыпты деп танылды. Сот үкімімен топтың екі мүшесі 23 жылға, екеуі - 22 жылға, үшеуі 18 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Қылмыс туралы хабарламаған ҰҚТ-ның бір мүшесі 1 жылға шартты жаза алып, сот залында күзеттен босатылды.
ҚР заңына сәйкес сотталғандардың 15 күн ішінде үкімге шағым беруіне құқығы бар.