ШҰҒЫЛ: Екі күннен кейін 10-нан астам жолаушылар пойызының жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 13 қаңтарынан бастап 10-нан астам жолаушылар пойызының жүру кестесіне өзгерістер енгізіледі.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, олардың ішінде Астана стансасы бойынша:

- № 10 «Астана - Алматы» бағытында Астана стансасында 8 минутқа, Қарағандыда 15 минутқа;

- № 327 «Қостанай - Қарағанды» бағытында Астана стансасында 5 минутқа өзгерістер енгізілді.

Жолаушылардың пойыздан кешікпеуі үшін вокзалға уақытында келіп, вагондарға дер кезінде отыруы сұралады.

Өзгерістер енгізілетін поездардың толық тізімін www. сайтынан анықтап білуге болады.temirzholy.kz