ШҰҒЫЛ: Қалалық полиция бөліміне шабуыл жасалған Атырауда қаза болғандар жоқ

АТЫРАУ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Атырауда түн ортасы ауғаннан кейін белгісіз біреулер қалалық полиция бөліміне шабуыл жасап, жарылғыш құрылғылар лақтырды, қаза болғандар жоқ, деп хабарлады «жедел жәрдем» кезекшісі.

«Өлтірілгендер жоқ. Қауіпті ештеңе жоқ, уайымдамаңыздар», - ден тыныштандырды «жедел жәрдемде».

Жараланғандардың саны туралы сұраққа кезекші жауап берген жоқ. «Тағы да тыныштандырып, «олар көп емес» деді. Дегенмен ол қалалық полиция бөліміне шабуыл жасалғанын қуаттады.