ШҰҒЫЛ: Қарағанды облысында ауылдық мектептің төбе жабындысы өртеніп, қирады

АСТАНА. 2 маусым. ҚазАқпарат - 1 маусым күні сағат 15.29-да Қарағанды облысының Осакаров ауданында 1 қабатты «Шоқай ауылының негізгі мектебі» ММ-де өрт болды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, ғимараттың төбе жабындысы өртеніп, 50 шаршы метрде алаңы қирап, құлады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 300 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.