Қаза болған адамның әріптестерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға оның үйінде болған. Әскери қызметкер өзін-өзі атқан.
«Жүрегінен ауыр жарақаттанған азамат ауруханаға жеткізілді, ол онда есін жимаған күйі жан тапсырды», - деп хабарлады 31775 әскери бөлімінен.
Танк бөлімшесінде істеген әскер қызметкердің мұндай қадамға бару себептері әзірге белгісіз. Алдын ала ақпарат бойынша, оқ атылған қару ішкі істер органдарында оның атына тіркелген.