ШҰҒЫЛ: Қарағандыда прокурор ауысты

ҚАРАҒАНДЫ. 19 маусым. ҚазАқпарат - 29 жастағы Нұржан Серікұлы Қарағанды қаласының прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы қадағалау органы хабарлады.

Н. Серікұлы бұл лауазымға тағайындалмас бұрын қала прокурорының орынбасары болған.

Ведомствоның берген ақпаратына қарағанда, Қарағанды қаласының бұрынғы прокуроры  Әбу-Әли Сәттар ҚР Бас әскери  прокуратурасы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.