ШҰҒЫЛ:Қостанай облысы астық оруды аяқтады

СТАНАЙ. 25 қазан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанай облысының дихандары аймақ тарихында жиналған астық мөлшері бойынша рекорд орнатты. Ауыл шаруашылық және азық-түлік басқармасының мәліметі бойынша, қамбаларға 8 638 300 тонна астық салынды.

Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы егін шаруашылығы және жаңа технологиялар бөлімінің бастығы Сәлімжан Исеменовтың хабарлауынша, орташа есеппен 1 гектар жерден 20,2 центнер бидай орылған. Бұл да рекордық көрсеткіш.

Ең көп астық жинаған Федоров ауданы. Аудан бір гектар аумақтан 25 центнер астық алды. Қостанай, Сарыкөл, Меңдіқара, Қарасу, Ұзынкөл, Қарабалық, Таран, Денисовка және Алтысарин аудандары да осы көрсеткішке таяу егін орған (бір гектардан 20,5-тен 24,5 центнерге дейін).