Түрлі құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылған операция барысында кем дегенде екі адам қаза тауып, біреуі жарақаттанды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында зардап шеккендердің бар-жоғы, сондай-ақ лаңкестердің қарулы қарсылық көрсету-көрсетпеуі туралы ақпарат жоқ.
Болған оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тағы бір пәтерге шабуыл жасау басталды. Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, онда жорамалданып отырған лаңкестер отыр.
Құлсары - Атырау облысындағы ауданға бағынышты жалғыз қала. Ол Атырау қаласынан 220 шақырым жердегі Жылыой ауданының орталығы. Аумағында «Теңізшевройл» компаниясы жұмыс істеп жатқан ірі Теңіз мұнай және газ кен орны бар.