Бүгін Лондон шаршы алаңында Дариға Шәкімова үнділік спортшымен, Самат Башенов ағылшын боксшысымен бақ сынасады.
Жеребеге сәйкес, 26 қараша күні жартылай финалда Василий Левит Ирландия өкілімен өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізсе, Біржан Жақыпов тайландық былғары қолғап шеберімен жарыс алаңына шығады.
Турнирдың ақтық сыны 27 қараша күні болады.