Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда Маңғысау облысының Ақтау қаласындағы тергеу абақтысын таңертең тексеру кезінде ұрлық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 25 жасар күдіктінің қашып кеткендігі анықталды. Ол таңертеңгі уақытта негізгі қоршау арқылы шыққан.
Маңғыстау облысы ІІД мен ҚАЖ қызметкерлерінің күшімен облыста іздестіру шаралары жүргізілгенімен нәтиже бермеді.
Ақтау қаласының ІІД қызметкерлері кеше, 20 маусым күні түн жарымда облыс орталығындағы жалға алынған пәтерден қашқынды ұстады.
Тергеу абақтысынан қашқаны үшін ол 3 жылға сотталуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ абақты жүйесінің баспасөз қызметі.