ШҰҒЫЛ: Приозерскіде көпқабатты үйдің тұрғындары ғимараттағы қабырғаның жарылуынан қауіпсіз жерге көшірілді

ҚАРАҒАНДЫ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Приозерск қаласында 2011 жылы апаттық жағдайға жақын болып танылған көпқабатты үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен хабарлады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің ақпаратынша, 17 қаңтар күні кешке Космонавттар көшесіндегі үйде қабырғаның жарылуы үлкейіп, пәтерлердегі сылақүгіле бастады.

«Бұл үйдің салынғанына 30 жылдан асты. 2011 жылдың тамызында ол апаттық жағдайға жақын деп танылды. Барлық қорытындылар бар», - деді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде.

Бөлімде сондай-ақ қазіргі кезде көпқабатты үйдің барлық тұрғындары, 100-ден астам адам, қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлады. Олардың бір бөлігі туыстарына барса, бір бөлігі қонақ үйге жайғастырылды.

Үйді жөндеу әлде бұзу керектігін анықтайтын комиссия құрылды.