Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Мицубиси» көлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы (1 ер адам және 4 әйел) оқиға орнында қаза тапты. Қалған жолаушылар: 40 жастағы ер адам мен 36 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың тұлғалары әзірге анықталған жоқ.