бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Бұл туралы бүгін Қазақстан Бас әскери прокуратурасының баспасөз хатшысы Ақбар Әбділдин мәлім етті.
Бұған дейін хабарлағандай, 18 маусымда «Терісайрық» №2017 әскери бөлімінің 11 шекара қызметкері өздігінен заставаны тастап кетіп қалды. Олар сол күні қызмет атқарған мекеннен 18 шақырым жерде табылып, заставаға жеткізілген болатын.
Жедел қызметтегі сарбаздар өздерінің бұл әрекетін келісім шарт қызметкерлерінен жәбір көргендерімен түсіндірді.
Келесі күні Өскемен гарнизонының әскери прокурорымен ҚР ҚК-нің 380-1-бабы 2 бөлігінің «а» тармағында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.